Қытайдың оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі болды
inform.kz
Жер сілкінісі болған жерге апатты-құтқару қызметі жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бейсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те тіркелген. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Сычуань провинциясының Лусянь уезінде (Оңтүстік-Батыс Қытай) 10 км тереңдікте орналасқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпуі Қытайдың ірі мегаполисі Чунцин қаласында сезілген.
Ықтимал бүліну мен зардап шеккендер туралы мәлімет тараған жоқ. Сычуань уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды.
Жер сілкінісі болған жерге апатты-құтқару қызметі жіберілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34