Қытайдың оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі болды

16.09.2021 в 13:54

Жер сілкінісі болған жерге апатты-құтқару қызметі жіберілді

Бейсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те тіркелген. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Сычуань провинциясының Лусянь уезінде (Оңтүстік-Батыс Қытай) 10 км тереңдікте орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жерасты дүмпуі Қытайдың ірі мегаполисі Чунцин қаласында сезілген.

Ықтимал бүліну мен зардап шеккендер туралы мәлімет тараған жоқ. Сычуань уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды. 

Жер сілкінісі болған жерге апатты-құтқару қызметі жіберілді.