Ресейде ұшақ апатынан төрт адам көз жұмды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Оның екеуі жолаушы, екеуі ұшқыш
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Иркутск облысында L-410 ұшағы жерге соғылған. Соңғы мәлімет бойынша апаттан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жергілікті уақытпен 23:15-те екі моторлы L-410 ұшағы Иркусткіден 500 шақырым қашықтағы Казачинское ауылынан 4 шақырым жерге құлаған. 

Прокуратураның мәліметінше, ұшақ кенттегі әуежайға қону үшін екінші айналымға кетпек болған. Иркутск губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, бортта өрт шықпаған. Бастапқыда ұшақ өртенді деп хабарланған еді. Соңғы мәлімет бойынша, төрт адам көз жұмған, оның екеуі жолаушы, екеуі ұшқыш. 

РФ ТЖМ-ның мәліметінше, 12 адам зардап шеккен. Біреуінің жағдайы ауыр, қалғандары жеңіл жарақат алған. Төрт адам жансақтау бөліміне түскен. Бортта 14 адам мен екі экипаж мүшесі болған. Барлығы ересектер, бала жоқ. Көлік прокуратурасы оқыс оқиға бойынша тексеруді бастады. Апаттың себебі ретінде - қозғалтқыштың істен шығуы және экипажды қателігі қарастырылып отыр. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. 

15 қыркүйек Иркутск облысында қаралы күн деп жарияланды.

Новости партнеров