Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 2800-ге жетті

дереккөзден
дереккөзден
Қазіргі кезде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ливияда «Дэниель» циклоны салдарынан туынлаған су тасқыны 2800 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Anadolu агенттігі Ливияның Қызыл Жарты Ай қоғамына сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік тағы 7 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін атап өтті.

Айта кетсек, циклон 10 қыркүйекте Ливияның солтүстік-шығысында соғып, соның салдарынан Жерорта теңізі жағалауында орналасқан қалаларда дауыл соғып, күн күркіреп, қатты жаңбыр жауған болатын.

Толассыз жауған жаңбыр инфрақұрылымға үлкен зиян келтіріп, соның салдарынан көптеген тұрғын үйді, ауруханаларды және басқа да азаматтық нысандарды су басып қалды.

Қазіргі кезде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Новости партнеров