Ауғанстанда қазақстандық құтқарушылар үйінді арасынан баланың денесін тапты

gov.kz
gov.kz
10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға кеткен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наиброфи елдімекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді.

«Бір қатармен» әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елдімекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді. Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты», - делінген хабарламада.

Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан Сияхан елдімекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елдімекенінде де үйінділерді  бөлшектеу жұмысы жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ.

«Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті. Қатты афтершок фактілерінің жиілеуіне және бөлінген учаскедегі жұмыстардың аяқталуына байланысты Қазақстан ТЖМ жасағы Герат қаласына бару үшін жолға шықты», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін кеткен болатын.

Новости партнеров