|
14.09.2020 | 09:29
2651

Коронавирус: Әлемде антирекорд тіркелді

3 қыркүйекте дүние жүзінде 307 930 жаңа жағдай анықталған

Коронавирус: Әлемде антирекорд тіркелді REUTERS


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-тың тәуліктік өсімі бойынша рекордтық көрсеткіш тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір күн ішінде жер бетінде 307 мың 930 адам вирус жұқтырған. Жалпы, әлемде 28 миллион 637 мың адам коронавирусқа шалдығып, 917 мың науқас індеттің құрбаны болды. Бұл ретте, әлем қауымдастығын әсіресе, Үндістандағы жағдай алаңдатуда. Онда  коронавирус жұқтырғандар саны тағы да күрт өскен. Өткен тәулікте 94 372 адамнан COVID-19 анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге сүйенсек, коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллион 700 мыңға жетті. 78 мың 586 науқас індеттен көз жұмды. Махараштра штаты пандемиядан әсіресе зардап шеккен өңір болып отыр. Одан өзге, Андхра-Прадеш, Тамилнад және Карнатака штаттарындағы жағдай да аса күрделі. Осылайша Үнді елі дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны жағынан екінші орынға шықты. Ал АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 6 жарым миллионға жеткен. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Америкада COVID-19-дан 193 мың 843 өлім жағдайы тіркелді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир