Стамбұлда әуе кемесі апатқа ұшырады. Оқыс оқиғадан 3 адам қаза тапты. Жалпы, апаттан 157 жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жалпы бортта 177 адам болыпты. Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен», – деді Стамбұл губернаторы Али Йерликай. Апат кеше кешкісін, Измир-Стамбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен. Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.
Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, зардап шеккен 179 адамға медициналық көмек көрсетілді, оқиға кезінде үш адам қайтыс болды. Қазір ұшақ апатын тергеу басталды. Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын.