|
13.08.2021 | 09:12
4734

Ресейде жолаушылар мінген автобус жарылып кетті

Төтенше жағдайдан 18 адам зардап шекті

Ресейде жолаушылар мінген автобус жарылып кетті Андрей Стенин

Ресейдің Воронеж қаласында бағдардағы ПАЗ автобусы жарылды, деп хабарлады  Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдары жұмыс істеді. Воронеж облысының губернаторы Александр Гусевтің мәліметінше, төтенше жағдайдан 18 адам зардап шекті, олардың бірінің аяғы жұлынып кеткен, әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Төтенше жағдайдан кейін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмысты атқару немесе қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады РФ Тергеу комитеті.

Ведомство басшысы Александр Бастрыкиннің айтуынша, Мәскеуден Воронежге криминалистер мен тергеушілер жіберілді.


Терроризмге қарсы ұлттық комитет оқиғаның әртүрлі нұсқалары қарастырылып жатқанын хабарлады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир