Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ
Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сейсмологтар Тайвань аралының шығыс жағалауында 5,9 балдық жер сілкінісін дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:05-те тіркеді.
Жерасты дүмпулер ошағы Тайвань аралының шығысында орналасқан Хуалянь уезінде орналасқан. Оның тереңдігі - 10 км. Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, жер сілкінісі бүкіл Тайвань аралында, сондай-ақ Тайвань бұғазының басқа бұғазындағы Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында сезілген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.