|
14.10.2020 | 09:18
7758

Жаңа iPhone 12-нің бағасы жарияланды

Барлық сериясы жаңа мобильді байланыс стандарты 5G-ге қосылады

Жаңа iPhone 12-нің бағасы жарияланды ITC.ua

Apple компаниясы жаңа iPhone 12 смартфонының топтамасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жаңа iPhone 12 бағасы 799 доллардан (342 760 теңгеден), ал mini 699 доллардан (299 861 теңгеден) басталады.

iPhone 12 Pro бағасы 999 доллардан (428 557 теңгеден), ал 12 Pro Max 1099 доллардан (471 456 теңгеден) басталады.

Бағалар 2020 жылғы 14 қазандағы курс бойынша жеткізу және басқа да қосымша ақыны есепке алмай көрсетілген.

iPhone-да MagSafe бар. Бұл смартфонның ішінде дөңгелек магнит бар екенін білдіреді. Оның көмегімен құрылғыға қап және басқа да аксессуарларды, тіпті әмиянды да жабыстыруға болады.

Барлық сериясы жаңа мобильді байланыс стандарты 5G-ге қосылады.

12 Pro және Pro Max жылтыр, күміс, графит және көк түсте болады.

iPhone 12 қызыл, көк, қара, ақ және жасыл түсте шықты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир