Қытайда мейрамханада болған жарылыстан 31 адам қаза тапты
Depositphotos.com
Оған сұйытылған мұнай газының ағуы себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданының Иньчуань қаласында орналасқан барбекю мейрамханасында жарылыс болып, 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:40-та, Иньчуань қаласындағы Синцин ауданында орналасқан мейрамханада болды. Оған сұйытылған мұнай газының ағуы себеп болғаны хабарланады.
Нинся-хуэй автономиялық ауданының ҚКП комитетінің мәліметінше, жарылыстан 38 адам зардап шеккен, оның 31-і көз жұмды. Қалған 7 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың біреуінің жағдайы ауыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34