NASA Жерге қауіпті астероид жақындап келе жатқанын мәлімдеді

02.06.2020 14:22

Астероид алғаш рет 2002 жылы анықталған

Фото : gazeta.ru

6 маусымда Жерге қауіпті астероид жақындайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

NASA ғарыш агенттігінің мәліметінше, өлшемі 250-де 570 метр деп болжанған 163-те 348 астероид қауіпті деп саналып отыр. 

Өйткені оның траекториясы Жер орбитасын кесіп өтеді. Бұл жолы астероид Жермен соқтығыспайды дейді ғалымдар. Себебі ол Айдың орбитасынан 13 есе алыс өтеді екен. Десе де біздің планетаға жақын арақашықтықта сенбі күні сағат таңғы 9-дан 20 кеткенде ұшып өтеді. 

Астероид алғаш рет 2002 жылы анықталған және 300 тәулік ішінде Күннің айналасын шамамен бір рет айналып өтеді.