|
21.08.2020 | 09:24
954

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асты

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ бірінші орында тұр

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асты elements.envato.com

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асты. Ал 14,4 миллион адам жазылып шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ бірінші орында тұр. Онда COVID-19 5,5 миллион адамнан анықталған. Оның ішінде 173 мыңнан астам адам көз жұмса, жазылып шыққандар саны – 74 мың.

Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 миллионнан, жазылып шыққардар 2,8 миллионнан асты және 111 мыңнан астам адам көз жұмды.

Үшінші орында тұрған Үндістанда 2,8 миллион адамнан коронавирус анықталды. Ал 2 миллионнан астам адам жазылып шығып, 53 мыңнан астам адам көз жұмды.

Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Ресей (939 мың), Оңтүстік Африка (596 мың), Перу (558 мың), Мексика (537 мың), Колумбия (513 мың), Чили (391 мың), Испания (370 мың) кіреді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир