Шейх-Максуд ауданында орналасқан негізінен күрдтер тұратын 5 қабатты ғимарат фундаментінің су шаюы салдарынан құлаған
Жексенбі күні Сирияның сотүстігіндегі Алеппо провинциясында тұрғын үйдің құлау салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шейх-Максуд ауданында орналасқан негізінен күрдтер тұратын 5 қабатты ғимарат фундаментінің су шаюы салдарынан құлаған.
Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, үйде 7 отбасы тұрып келген.
Сана мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар әлі аман қалғандарды іздестіріп жатыр.