Аргентинада бұрын-соңды болмаған ыстық тіркелді

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден
Аргентинаның шығыс-орталық бөлігінде ауа температурасы наурыздың алғашқы 10 күнінде нормадан 8-10 Цельсия градус жоғары болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аргентинада бұрын-соңды болмаған ыстық тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Рекордтық дәрежеге дейін көтерілген температурадан егін қурап, орман өрті тарап, онсыз да жағдайы мәз емес ел экономикасына қысым артып жатыр.

Әлем бойынша төтенше ауа райын бақылайтын климатолог Максимилиано Эррараның сөзінше, елде желтоқсаннан ақпанға дейін жалғасқан жаз бақылау тарихындағы ең ыстық жаз болған. Наурыз жағдайды жеңілдеткен жоқ. 

Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, Аргентинаның шығыс-орталық бөлігінде ауа температурасы наурыздың алғашқы 10 күнінде нормадан 8-10 Цельсия градус жоғары болған. Буэнос-Айресте 28 ақпаннан бері күн сайын термометр бағаны 30 Цельсия градустан асады. Аргентинаның түкпір-түкпірінде наурызда кейінгі 63 жылда болмаған ең жоғары температура тіркеліп жатыр.

Ғалымдардың пікірінше, әлем бойынша температура өсіп жатқандықтан, аптап ыстық ғаламшар бөліктерінде жиі болып тұрады.

Новости партнеров