Шыңжаңда коронавирусқа шалдыққандардың рекордтық саны тіркелді

29.07.2020 в 14:28

Сондай-ақ, ауру белгілері жоқ 133 адам анықталды

delo.ua

Өткен тәулік ішінде ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданында (ШҰАА) коронавирусқа шалдығудың жаңа 89 және аурудың клиникалық белгі жоқ 15 жағдай анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«28 шілде күнгі сағат 00:00-дегі жағдай бойынша Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданы, соның ішінде Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында (ШӨҚК) коронавирус жұқтырудың 89 расталған оқиғасы және ауру белгілерінсіз жүрген 15 адам анықталды. 

Жалпы алғанда, Шыңжаңда COVID-19 жұқтырудың 322 расталған оқиғасы (соның ішінде 320-сы – Үрімжіде, біреуі – Қашғар аймағында және тағы біреуі – ШӨҚК-да тіркелген. Сондай-ақ, ауру белгілері жоқ 133 адам анықталды. 9 мыңнан астам адам дәрігерлер қарауында жүр»,– делінген комитеттің ақпараттық бюллетенінде. 

ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырудың 98 расталған оқиғасы тіркелді, соның ішінде 89-ы – Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданы, 8-і – Ляонин провинциясы және біреуі Бейжіңде анықталды. 

Еске салсақ, Қытайдың бірнеше өңірінде коронавирустың ошағы анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.