Бір тәулікте коронавирустан тағы 43 адам қайтыс болды
news.yandex.ru
Қытайда 15 мыңнан астам адамның ауру белгілері коронавирусқа ұқсайды, алайда олардың диагноздары расталмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайда өткен тәулікте 2019-nCov коронавирусының жаңа үлгісінен 43 адам қаза тауып, 1982 адам жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитет хабарламасына сілтеме жасап.
43 жағдайдың 42-сі коронавирустың жаңа үлгісінің ошағына айналған Хубэй провинциясында (Уханда – 30 адам қайтыс болған) тіркелген. Хубэй провинциясынан бөлек тағы бір адам Ресеймен шекараласатын Хэйлунцзян провинциясында көз жұмған. Соңғы дерек бойынша, Қытайда 9692 адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 213 адам. 171 адам ауруханадан емделіп шықты. Қытайда 15 мыңнан астам адамның ауру белгілері коронавирусқа ұқсайды, алайда олардың диагноздары расталмаған. 100 мыңнан астам адам карантинде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37