Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 мыңнан асты

15.03.2023 в 14:31

3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр

Түркия вице-президенті Фуат Октай төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 2023 жылдың 6 ақпанында болған жер сілкінісінің салдарынан Кахраманмарашта 48 448 адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вице-президенттің айтуынша, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.

Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған.

Қоқыстың 20 пайызы шығарылды.

Оқи отырыңыз: Түркияда зілзаладан 384 сағат өткен соң 90 жастағы әжей мен 70 жастағы ұлы тірі табылды