36 жастағы Тимур Хинчагов дүкенде әйелімен сөзге келіп қалған. Мұны естіген дүкен қызметкерлері полиция шақырыпты. Бұдан соң ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресейдегі Ленининград облысының Бор елді мекенінде ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды.
Келесі күні Хинчагов жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтқан. Жарақат салдарынан миы қатты зақымданған.
«Полиция бұл фактіні мойындамай отыр. Дәрігердің сөзін жоққа шығарды», - дейді ер адамның туысы.
Олар ер адамның өзі басын өзі қабырғаға соққанын айтады. Алайда видеоны тергеу аяқталғанша марқұмның туыстарына көрсетпей отыр.
Хинчаговтың өлімінен кейін Ресейдің қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлігіне («адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру, адам өлімі») сәйкес қылмыстық іс қозғалған.