Бір әйел қайтыс болды
Стокгольмдегі Gröna Lund ойын-сауық саябағында америкалық төбешік аттракционында болған оқиға кезінде бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Jetline аттракционы рельстен шығып кетіп, ішіндегі адамдар жерге құлаған.
35 жастағы әйел қайтыс болды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Осыдан кейін саябақ белгісіз мерзімге жабылды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар мен тікұшақ келді.
Gröna Lund сайтында қайғылы оқиға болған Jetline төбешігінің жылдамдығы 90 км/сағ жетуі мүмкін екені айтылған.
Оның биіктігі - 30 метр. Оған жыл сайын миллион адам мінеді.