Авиаапат техникалық ақауларға байланысты ұшақ әуеге көтерілген кезде болған
Жексенбі күні Суданның Порт-Судан қаласындағы халықаралық әуежайда ұшақтың құлауы салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Al-Hadath телеарнасы әскери саладағы дереккөзге сілтеме жасап мәлім еткендей, авиаапат техникалық ақауларға байланысты ұшақ әуеге көтерілген кезде болған.