|
05.02.2020 | 04:48
2900

Қытайда короновирустен көз жұмғандар саны 492-ге жеткен

Кеше короновирус Жапон жағалауында кемемен серуендеп жүрген тағы 10 саяхатшыға жұғыпты

Қытайда короновирустен көз жұмғандар саны 492-ге жеткен www.inform.kz

Қауіпті індетті, барлығы 24 мың 324 адам жұқтырды. Олардың 892-сі аман-есен сауығып кетіпті  Бұл туралы әлемдік ақпараттық агенттіктер, аспан асты елінің денсаулық сақтау мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап, хабарлады. Өз кезегінде бұл бір тәулік ішінде тіркелген оқиғалардың рекордтық мөлшері екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Небары бір күн бұрын 20 мың адамның індетті жұқтырып, 425 науқастың көз жұмғаны хабарланған болатын. Кеселге шалдыққандардың басым бөлігі Қытайдың құрлықтық аумағында тіркелген. Одан бөлек, Гонк-Конг пен Филиппинде екі бірдей опат болу дерегі анықталып отыр. Сондай-ақ ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 185 мың адам жіті бақылауға алынды. Кеше  короновирус Жапон жағалауында кемемен серуендеп жүрген тағы 10 саяхатшыға жұғыпты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир