Жамбыл облысында бір айда 40-тан астам ұры ұсталған

angusht.org
angusht.org
Жыл басынан бері 14 қалта ұрысы ұсталып, сотқа дейінгі тергеу изоляторына қамаққа алынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін 40-тан астам күдікті қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар айында бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін 40-тан астам адам ұсталған десек, оның ішінде 6 адам - мал ұрлығымен және 12 адам — пәтер ұрлығымен ұсталған. Олар қамауға алынған. Сондай-ақ, жыл басынан бері 14 қалта ұрысы ұсталып, сотқа дейінгі тергеу изоляторына қамаққа алынған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл бағыттағы мәселелер облыстық полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында. Осы тұрғыдағы қылмыстардың алдын алу мақсатында өңірде жедел-іздестіру тобы құрылды. Мобильді топтар ұрлық жасалынуы ықтимал жерлерге, әсіресе автобус маршруттарында және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда тұрақты бақылау жүргізуде» делінген ведомство хабарламасында.

Новости партнеров