Коронавирустан қайтыс болғандар саны 908-ге жетті

10.02.2020 14:39

Қазір аспан асты елінде 45 миллион адам оқшауланған аумақтарда отыр

health.bugin.kz

Дертті жұқтырғандар 40 мыңнан асқан. Кеше бір тәулікте аталған індет 3 мыңнан астам адамнан анықталды. Мұндай мәліметтерді Қытай халық республикасының денсаулық сақтау министрлігі таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еске сала кетейік, коронавирус кәдімгі жедел респираторлық-вирустық инфекциялары сияқты тыныс алу жолдарымен жұғады. Қауіпті індеттің тарауын тоқтату үшін, короновирустың пайда болу ошағына жақын қалалар карантинге жабылған болатын. Қазір аспан асты елінде 45 миллион адам оқшауланған аумақтарда отыр.