Жиналысқа кіріп, қызметкерлерге оқ жаудырған – 9 адам мерт болды

theepochtimes.com
theepochtimes.com
Джо Байден қайғылы оқиғаға байланысты елде 30 мамырға дейін ұлттық аза тұту күнін жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Калифорния штатында атыс болып, 9 адам көз жұмды. Белгісіз біреу таңғы сағат 6 шамасында Сан-Хосе қаласындағы жергілікті компанияның жиналысына кіріп, қызметкерлерге оқ жаудырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 8 адам мерт болды. Күдіктіні ұстау операциясы кезінде ол қарсылық танытып, полицейлерге оқ атқан. Ал, арнайы жасақ ғимараттың ішіне кіре берген сәтте қылмыскер қауіпті сезіп өз-өзіне қол жұмсапты. Жергілікті құзырлы органдары қылмыскердің 57 жастағы Самуэль Кассиди есімді азамат екенін анықтады. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны әлі белгісіз.

«Президент Конгреске осы мәселе аясында шара қабылдауды тапсырды. Ол Сенаттан қару сатуды бақылауды күшейтетін үш заң жобасын қарауға шақырады. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын және бұл қадамдарды американдықтардың басым бөлігі қолдайтынын білеміз», – деді Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары Карин Жан-Пьер.

Джо Байден қайғылы оқиғаға байланысты елде 30 мамырға дейін ұлттық аза тұту күнін жариялады. Айта кетейік, жыл басынан бері АҚШ-та 230 атыс оқиғасы болған.

Новости партнеров