Ресейдегі бала-бақшада болған сәби өлімінің толық бейнежазбасы шықты. Нарьян-Мар қаласында орналасқан балабақшадағы жантүршігерлік жағдайдың түсірілімін Ресейдің тергеу комитеті таратып отыр. 31 қазанда ер адам «Сказка» бөбекжайында түскі уақытта ұйықтап жатқан 6 жасар баланы бауыздап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мекеме күзетшілері оны ата-аналардың бірі деп ойлап, жайбарақат ішке кіргізіп жіберген. Қаскүнем екінші қабатқа көтеріліп, балалар бөлмесіне барған. Тәрбиешінің бірі оған тосқауыл қоймақ болғанда, ер адам оны итеріп жіберген. Сол кезде екінші тәрбиеші күзетті көмекке шақырған. Әлгі жауыз сол екі ортада бір баланы пышақтап үлгеріпті. 36 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында ұсталды. Күдіктінің неге бұлай жасағаны әзірге түсініксіз. Ол жасаған әрекетіне өкінетіндігін айтқан. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру туралы фактісіне қатысты, немқұрайлылық танытқан балабақша қызметкерлері мен күзетшілеріне қатысты да іс қозғалған.