Польшада ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қайтыс болды
Depositphotos
Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Польшада «Cessna 208» ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты, сондай-ақ 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Польшаның Rzeczpospolita басылымы хабарлады.
«Ұшақ Насельский маңындағы Хрцинно әуежайында адамдардың үстіне құлады. Қазіргі кезде құтқару операциясы жүріп жатыр. Оқиға орнына көптеген төтенше жағдайлар қызметі аттанды», - деп жазады агенттік.
Басылым жазуынша, ұшақтан парашютпен секіру жұмыстары орындалған, алайда құлаған кезде ішінде ұшқыш қана болған. Әуе көлігі адамдар жаңбырдан паналап тұрған ангардың үстіне құлаған.
Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34