|
27.06.2022 | 09:42
595

Қытайдың шығысында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті

Су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды

Қытайдың шығысында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті  ҚазАқпарат

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Цзянси провинциясында табиғат тосын мінез танытып, нөсер жаңбыр жауған. Бұл 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысын бұзды. 150 мың гектар егістік су астында қалды. Экономикалық шығын 6,79 млрд юаньнен ($1,01 млрд) асып жығылған. Қызыл су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған. 

Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир