Америка Құрама Штаттарының 46-ыншы Президентін ұлықтау рәсімінде елдің вице-президенті Камала Харрис те ел халқы алдында ант берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Камала Харрис 56 жаста. Ол Америка вице-президенті лауазымына келген алғашқы әйел әрі алғашқы қара нәсілді азамат.
Инаугурациядан кейін Д.Байден мен К.Харрис Арлингтон ұлттық зиратындағы Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні Джо Байден АҚШ Президенті лауазымына ресми кірісті.
Бұл жолы президентті ұлықтау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты әдеттегіден қарапайым өтті. Капитолийден бастап Ұлттық саябақ бойымен тізіле тұратын жүз мыңдаған адамның орнына АҚШ штаттары мен аумақтарының 200 мыңнан астам Туы ілініп тұрды. Байден салтанатты шарада сөйлеген сөзінде елде көптеген дүниені қайта жөндеп, жаңадан құру қажеттігін айтты.
«Тарих, сенім және ақыл-парасат – бізге бірлікке бастар жолды көрсетеді»,– деді ол.
Сондай-ақ Америка қоғамындағы келіспеушіліктер жікке бөлінуге алып келмеуі тиістігін еске салып, барша америкалықтың президенті болатынын баса айтты.