Татарстанда теплоход суға батып кетті
Depositphotos
30-дан астам адам құтқарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Татарстандағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. 30-дан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«10 шілде күні түстен кейін Аракчино маңындағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Жолаушыларды катерлер мен қайықтар дер кезінде құтқарды», - деп хабарлады Тергеу комитетінің Көліктегі орталық ауданаралық тергеу басқармасының баспасөз қызметі.
Тергеушілер бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ведомство кемеден құтқарылған 34 жолаушының аман екенін, олардың жағаға шығарылғанын хабарлады. Қазір сүңгуірлер суға батқан кемені тексеруде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30