Ұлыбританияда жедел жәрдем дәрігерлері ереуілге шығып жатыр

13.01.2023 14:43

1 ақпанда ереуілге 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысуы мүмкін деп болжам жасалып отыр

euronews.com

Жаңа жыл басталғалы Ұлыбританиядағы әлеуметтік наразылық өмірдің барлық саласын қамтып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Англия мен Уэльсте шамамен 25 мың дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушілері, диспетчерлер мен фельдшерлер ереуілге шықты. Кейбір науқастар ауруханаға өз бетінше баруға мәжбүр болған.

Кәсіподақтар бірінші санаттағы шұғыл қоңырауларға (мысалы, жүрек тоқтап қалса) жауап беру жалғасатынын айтты.

Наразылықтың себебі – үкімет ұсынған жалақының 4%-ға өсуі, ал инфляция 11%-дан асады. Келесі аптада медбикелер көшеге шығады.

Ал 1 ақпанда ереуілге 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысуы мүмкін деп болжам жасалып отыр.