АҚШ сайлауы: Байден жеңіске жетуге қажетті дауыс жинай алатынын айтты

Twitter
Twitter
АҚШ-тың бірнеше бұқаралық ақпарат құралы Байденнің Мичиганда жеңіске жететінін болжауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Демократиялық партиядан үміткер Джо Байден жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушы дауысын жинай алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Саясаткердің айтуынша, оның көш басында келе жатқандығы бірқатар штаттарда айқын көрінеді. 

«Түні бойы дауыстар саналғаннан кейін, президент болып сайлануға қажет 270 дауысты жинау үшін жеткілікті штаттарда жеңіп жатқанымыз анық екенін байқауға болады. Мен өзімнің жеңісімді емес, санақ аяқталғаннан кейін жеңетінімізді жариялау үшін осында келіп отырмын», – деді Байден. 

Ол бірқатар штаттарда Трамптың 2016 жылғы АҚШ сайлауындағы нәтижесінен асып түсетін дәрежеде дауыс жинауы мүмкін екенін алға тартқан. 

Алайда, Дональд Трамптың өзі болса, төрт негізгі штатта (Пенсильвания, Джорджия, Солтүстік Каролина, және мүмкін Мичиган) жеңіске жете алатынын мәлімдеп отыр. 

АҚШ-тың бірнеше бұқаралық ақпарат құралы Байденнің Мичиганда жеңіске жететінін болжауда. 

Еске салсақ, бұған дейін Байденнің штабы жеңіске жеткендері туралы жариялаған болатын. Дауыс беру ресми түрде аяқталды, бірақ дауыстарды санау әлі жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, Байденде 238 сайлаушының дауысы бар, ал қазіргі президент Дональд Трампта 213 дауыс жинады, жеңіске жету үшін 270 дауыс жинау қажет.

Новости партнеров