Ер адам шатасып, балабақшадан өзгенің баласын алып кеткен
Баланың өзінікі емес екенін үйіне жеткен соң ғана біліпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коми республикасының тұрғыны балабақшадан бөтен біреудің қызын алып кетті. Ол қателескенін үйіне келгенде бір-ақ білген, деп хабарлайды РИА Новости.
8 мамырда ер адам Усть-Вымский ауданындағы «Сказка» балабақшасына келеді. Ол 6 жастағы қызды өзінің баласы екен деп, көлікке отырғызып әкеткен. Үйіне жеткен соң, баланың өзінікі емес екенін біліпті.
Сол екі ортада балабақша меңгерушісі полицияға арызданып үлгерсе керек. Бірақ аңғал әке кішкентай қызды тәрбиешілерге бірден әкеліп тастайды.
ІІМ хабарлағандай, ер адам сау болған, құқық қорғау органдары оған қарсы ешқандай шара қолданған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30