Тайвандағы үлкен көпір опырылып түсті (ВИДЕО)
14 адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тайванның шығысындағы Илань уезінде үлкен көпір опырылып түсті. Салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті. Тағы 6 адам іздестірілуде, деп хабарлайды sn.kz.
Балықшылардың қайықтары суға батты. Көпір опырылар сәтте оның үстімен бензовоз өтіп бара жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, көлік көпірмен бірге құлап, өртеніп кеткен.
Құтқарушылар кем дегенде 14 адамның зардап шегіп, тағы 6 адам іздестіріліп жатқанын айтады.
Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі "Митаг" тайфуны жүріп өткеннен кейін көпір құлаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41