Италияда қазақстандықтар мінген яхта өртеніп, суға батып кетті
inform.kz
Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Италияда шағын кеме отқа оранып, кейін суға батып кетті. Ондағы жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Оның өртеніп, кейін суға батып бара жатқан сәтін жағалау күзеті видеоға түсіріп алған.
Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі - қазақстандық турист, ал қалған 9-ы — экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған.
Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оның неден шыққаны белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34