|
27.03.2023 | 09:49
403

Тунистің жағалау күзеті теңізден заңсыз мигранттардың денесін шығарды

Сенбі күні екі қайық суға батып кеткен

Тунистің жағалау күзеті теңізден заңсыз мигранттардың денесін шығарды Фото: sk.pinterest.com

Тунис жағалау күзеті ел жағалауында екі қайық суға батып кеткен соң теңізден 29 заңсыз мигранттың денесін алып шықты. Бұл туралы жексенбі күні Тунис жағалау күзеті хабарлады, деп жазады Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жағалау күзетінің ресми өкілі Хусемеддин Джбаблидің агенттік тілшісіне баяндауынша, бір қайық сенбі күні кешке Сфакс провинциясының (Оңтүстік-Шығыс Тунис), екіншісі Махдия провинциясының (Шығыс Тунис) жағалауында суға батып кетті.

«Махдия провинциясындағы Тунис жағалау күзеті бөлімшелері өткен түнде Жерорта теңізін кесіп өтіп Италия жағалауына жетпек болған. Алайда қайық суға батып, 27 заңсыз мигранттың денесі судан шығарылды», – деді Джбабли.

«Сонымен қатар, Сфакс провинциясы жағалауынан тағы екі заңсыз мигранттың денесі табылды», – деп қосты ол.

Оның айтуынша, операция барысында Африкадан шыққан 11 мигрант құтқарылды, ал із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмысы әлі жалғасуда.

Х.Джбабли мигранттардың Италияның Лампедуза аралына жету үшін Жерорта теңізін кесіп өтпек болғанын нақтылады.

Лампедуза аралы – заңсыз мигранттардың Италияға теңіз арқылы саяхаты барысындағы алғашқы аялдамасы. Ол Тунис жағалауынан 80 км қашықтықта орналасқан.

Оқи отырыңыз: Испанияда орман өртінен 1500 адам эвакуацияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир