|
10.04.2019 | 09:50
1657

26-қабаттан құлап түскен бүлдіршін үстін қақты да кете барды – жантүршігерлік видео

Оянған бүлдіршін ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кеткен

26-қабаттан құлап түскен бүлдіршін үстін қақты да кете барды – жантүршігерлік видео © Sputnik / Александр Кряжев

Қытайда кішкентай қыздың 26-қабаттан құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалған.

Қытайда 26-қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін қыз аман қалды, деп жазады The Sun.

Басылымның жазуынша, ата-анасы ұйықтап жатқан алты жастағы қызын үйге жалғыз тастап кеткен. Оянған бүлдіршін ата-анасын іздеп, абайсызда терезеден құлап кеткен. Оның жерге қара құлдилаған сәті видеоға түсіп қалды.

Бірақ таңғажайып кадр гараждың ішінде түсірілген – ғимарат шатыры қыздың құлау жылдамдығын азайтып, ол соның арқасында аман қалса керек. Гараждың бақылау камерасындағы жазбада сәби шатырды бұзып түсіп, біраз уақыт жерде жатады да, кейін үсті-басын қағып, ата-анасын әрі қарай іздеп кетеді.

Бүлдіршінді тез арада Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарап шығып, қыз баланың қолы сынғаны болмаса, басқа ешқандай зақым келмегенін айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир