|
18.06.2024 | 08:32
114

Италия жағалауында мигранттар қайығы суға батып кетті

1 адам қаза тауып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Италия жағалауында мигранттар қайығы суға батып кетті Associated Press

Италияның Калабрия жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 1 адам қаза тапты, 12 адам құтқарылды, шамамен 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Италияның жағалауында кеме апатынан 1 адам қаза тауып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Жағалау күзетінің мәліметінше, Франциядан шыққан серуендік қайықта заңсыз мигранттар болған және ол Италия жағалауынан 120 миль қашықтықта, Грекия мен Италия арасындағы бейтарап суларда аударылған.

«12 тірі қалған мигрант сауда кемесімен құтқарылып, кейін жағалау күзетінің қайықтарына ауыстырылды. Олар Роккелла-Ионикаға, Оңтүстік Италияның Калабрия аймағына жеткізілді. Мигранттардың бірі келген бойда қаза тапты. Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жалғасуда. Болжам бойынша қайық Түркиядан шыққан», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир