Белгілі актрисаның өмір бойына сал болып қалғаны жайлы ақпарат тарады

12.12.2019 14:50

Бүгінде актриса мүгедек арбасымен жүруге мәжбүр болып отыр. Ол оңалту орталығында ем қабылдап жатыр

Кирилл Каллиников

Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк өмір бойы сал болып қалады, деп хабарлайды Sputnik.

Қазіргі уақытта актриса мүгедек арбасымен жүреді. Ол үш айдан бері емделіп жүр. Жанында анасы мен күйеуі Петр Чернышев бар.  

"Миының сол жақ бөлігіндегі ісік салдарынан патология туындаған. Алдымен оң қолы қозғалмай қалды. Енді толықтай денесінің оң жағы өмір бойына сал болып қалды", — дейді Mash-тың дереккөзі.

Бұдан бұрын ресейлік жұлдыздың жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Ауыр сырқатқа шалдыққан Анастасия Заворотнюктің миында ісік пайда болған. Оған мидың қатерлі ісігі деген диагноз қойылыпты. Актрисаның сырқаты жайында бір жыл бұрын белгілі болды, соңғы кездері ол Еуропада емделіп жүрген еді.

Әртіс мәнерлеп сырғанаушы Петр Чернышевпен отбасын құрған болатын. Олар өткен жылы қызды болды. Сондай-ақ, актрисаның 1996 жылы туған қызы мен 2000 жылы туған ұлы бар.

Теги: мүгедек