Ресейде Ми-28 тікұшағы апатқа ұшырады

12.12.2019 15:08

Екі адам қаза тапты

Виталий Тимкив

Ресейдің Краснодар аумағында Ми-28 тікұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Басылым күш құрылымдарына сілтеме жасай отырып, ұшақтың қайда құлағаны анықталғанын жазады. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің өкілдері ұшақтың құлағанын растады.

Ведомстводағылардың айтуынша, төтенше жағдай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 02.00-де оқу-жаттығу кезінде болған.