Оқытушы өз студентін бөлшектеп тастады: бойжеткен өлерінің алдында ағасымен сөйлескен

Stan.kz
Stan.kz
Ағасының айтуынша, қарындасы бәрі жақсы болатынын айтып сендірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдегі Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің көз жұмған студенті Анастасия Ещенконың ағасы қарындасымен соңғы рет қарашаның 8-іне ауған түні сөйлескенін айтты. Сергейдің сөзінше, қарындасы жылап сөйлескен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РЕН ТВ» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сергейдің айтуынша, қарындасы Анастасия Ещенкомен түнде сөйлескенде, ол жылап, бірге тұрып жатқан азаматы Олег Соколовтың өзін ұрғанын айтқан. Олардың арасында ұрысқа Анастасияның таныстарының туған күніне барғысы келгені себеп болыпты. Алайда сүйіктісіне бұл ойы ұнамаған.

«Ол қарындасымды кемсітіп, оның жақсылықты түсінбейтін адам екенін айтқан. Артынша ұрып жіберіпті. Мұнан кейін Анастасия үйден кетіп қалып, маған қоңырау шалды. Ол менен басқа хабарласатын ешкімі жоқ екенін айтты. Екеуіміз сөйлестік. Мен одан ол ер адамнан кетуін сұрадым. Алайда ол үйге қайтып барып, заттарын алатынын айтты. Сосын жатақханада тұратын болған еді», - дейді Сергей.

Ағасының айтуынша, қарындасы бәрі жақсы болатынын айтып сендірген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Санкт-Петербург мемлекеттік университенің оқытушысы Олег Соколов өзі оқытқан студент қызды айуандықпен өлтірген деген айыппен ұсталған еді. Тергеу барысында ол студентін не себептен өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағанын айтып берді.

Новости партнеров