Көлікте Украина президенті болмаған, ол сол күні тікұшақпен ұшып кетіпті
Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі балалар мінген автобустар колоннасына соғылды.
Украинаның мемлекеттік күзет басқармасы Facebook парақшасында жазғандай, 14 шілдеде ведомствоға тиесілі Volkswagen Transporter микроавтобусы Киевке бара жатқанда жол апатына ұшырапты. Бірақ Зеленскийдің өзі кортежде болмаған, деп жазды stan.kz.
Страна.ua басылымының хабарлауынша, жол апаты балаларды демалыстан әкеле жатқан автобустар колоннасын Владимир Зеленский кортежінің екі Volkswagen Touareg көлігі мен президенттің қауіпсіздік қызметі микроавтобусы оза бастағанда болыпты.
Оқиға барысында ешкім зардап шекпеді.
«Это Запорожье» Telegram арнасында жарияланған суреттерге қарағанда, кортеж көліктеріне қатты зақым келіпті, бұл соққының қаншалықты күшті болғанын білдіреді.