Трамп коронавирусқа байланысты Green Card жүйесін уақытша тоқтатады

22.04.2020 в 14:53

Бұл шектеулер АҚШ-та тұрақты тұруға ықтиярхат - Green Card алатындарға байланысты енгізіледі

АҚШ президенті Дональд Трамп екі айға елге иммигранттардың кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлық шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Мен АҚШ-та иммиграцияны уақытша тоқтату туралы жарлық шығарамын... Бұл 60 күнге созылады, сосын мен және басқа да адамдар бұл шешімді экономикалық шартқа байланысты ұзарту немесе өзгерту туралы ойланамыз", - деді Трамп баспасөз мәслихатында.

Дональд Трамптың сөзінше, бұл шектеулер АҚШ-та тұрақты тұруға ықтиярхат - Green Card алатындарға байланысты енгізіледі.

Трамп бұл шаралар дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалған америкалықтардың жұмыс орнын сақтап қалу үшін жасалғанын айтты.