|
24.01.2019 | 09:54
3047

Әйел адамға білдірмей арам ойын іске асырған азғын видеоға түсіп қалды

Әйел адамға білдірмей арам ойын іске асырған азғын видеоға түсіп қалды

Ер адам ұялы телефонның көмегімен әйел адамның етегінің астын сығалаған

Сингапурде ер адамның ұялы телефонын пайдаланып, әйелдің етегінің астына қараған сәті көліктің видеотіркегішіне түсіп қалды, деп хабарлайды Stomp ақпараттық порталына сілтеме жасап sputniknews.kz.

Көлік тұрағында болған оқиғаны Stomp қызметкері көріп қалыпты. Ол көлігінде телефонмен сөйлесіп отырғанда, алдынан үш адам өте шығады. Байқаса, ерлердің бірі қысқа белдемше киген әйелдің етегінің астына телефон арқылы қарап тұр екен.

Видеотіркегішке түскен роликте, ер адам сәл тізесін бүгіп, әйелге білдіртпей, ұялы телефонға ұқсас затты етегінің астына тығып жатыр. Әрі қарай азғын нәзік жандының соңынан қалмай, аяғына камераның жарығын түсіреді.

Куәгердің айтуынша, оқиға тым тез болғандықтан, әуелі дұрыс түсіндім бе деп күдіктеніпті. «Видеотіркегіштегі роликті көрген соң ғана анық көзім жетті», — дейді ол.

Ер адам сол күні полицияға хабар берген екен.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир