Парламент жаңа премьердің кандидатурасын 21 қаңтарда қарастыратын болады
Өзбекстан үкіметі өз өкілеттілігін тоқтатты. Бұл туралы BAQ.KZ. жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.
Айта кетейік, бұл мемлекеттің Конституциясына сәйкес жаңа Парламент сайланғаннан кейін жасалады.
Естеріңізге сала кетейік, кіші палата Олий Мажилиске сайлау 2019 жылы 22 желтоқсан мен 2020 жылдың 5 қаңтары аралығында өтті. Ал Сенатқа сайлау 16-17 қаңтарда өтті.
Бүгінде министрлер өз жұмыстарын жалғастырда. Олар жаңа министрлер кабинеті жасақталғаға дейін жұмыстарын тоқтатпайды.
Парламент жаңа премьердің кандидатурасын 21 қаңтарда қарастыратын болады деп күтілуде.