|
03.09.2024 | 09:57
387

Мектеп жанында автобус оқушыларды таптап өткен

10 бала жапа шекті

Мектеп жанында автобус оқушыларды таптап өткен elements.envato.com

Қытайдың шығысында мектеп қақпасы жанында болған жол-көлік оқиғасынан кемінде 10 бала жапа шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясындағы Тайань қаласында орта мектептің жанында автобус жол апатына ұшырауы салдарынан 10-нан астам бала зардап шеккен (қаза болғандары бар, бірақ саны нақтыланбаған).

Оқиға сейсенбі күні таңғы сағат 07:00-де Тайань қаласындағы жергілікті мектептердің бірінің жанында болған. Оқушылар мінген жалдамалы автобус жол жиегімен мектепке бара жатқан балаларды кенеттен таптап өткен.

Күрделі жол апаты салдарынан оннан астам бала зардап шекті. Агенттік әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет берген жоқ. Оқиғаның себептері нақтыланып жатыр.

Оқи отырыңыз: Мұғалім 7 жастағы қызды қағып өлтірді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир