|
09.08.2019 | 15:18
2701

Алмазбек Атамбаев қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталды

Алмазбек Атамбаев қамауға алынды twitter.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, экс президентті ұстау үшін күштік құрылым екі рет үйіне қарулы шабуыл жасаған болатын. Кеше Атамбаевтың өз еркімен берілгені туралы видео тарады.  

Адвокаттың айтуынша, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне судья шақырып, шұғыл түрде отырыс өткізген. Соттың шешімімен Атамбаев 26 тамыз, яғни тергеу жұмыстары жүріп жатқан кезге дейін қамауға алынды.

«Ешкім де ұсталғаны жайлы немесе мәжбүрлі түрде жеткізілгені жайлы құжаттарды көрсеткен жоқ. Бүгін береміз деп уәде берді. Менің қорғалушымның қолына бір қағазды беріп, бірден бұлтартпау шарасын қабылдады», – деді Сергей Слесарев.

Бірақ адвокат Алмазбек Атамбаевқа тағы қандай айыптар тағылуы мүмкін екенін айта алмады. Еске сала кетейік, кеше Алмазбек Атамбаев күштік құрылымға өз еркімен берілген болатын. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны айтылған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир