Бразилияның солтүстік-шығысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

27.01.2023 14:59

Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан

Luiz Souza/Global Look Press

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Токантинс штатында мобильді медициналық фургон жүк көлігімен соқтығысып, кем дегенде 12 адам, оның ішінде нәресте қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме.

Қытайлық Синьхуа агенттігінің мәліметінше, апат сәрсенбіге қараған түні Нативидади муниципалитетінің жанында болған. Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.

Құрбан болғандардың арасында фургонда болған жеті әйел, төрт ер адам және бала бар. Тағы екі жолаушының бірнеше жері сынған. Алмас қаласының денсаулық сақтау хатшылығына тиесілі фургон Пальмастан – Токантинс штатының әкімшілік орталығынан қайтып келе жатқан.

Жүк көлігіндегі ер адам мен әйел жеңіл жарақат алып, көп ұзамай ауруханадан шығарылды, делінген хабарламада.