|
06.05.2019 | 09:59
2283

Жүкті боп қалған: 13 жастағы қызын өгей әкесі 2 жыл бойы зорлап келген

Тексеру барысында жасөспірімнің жүктіліктің 29-аптада екені анықталған

Жүкті боп қалған: 13 жастағы қызын өгей әкесі 2 жыл бойы зорлап келген

Ресей Федерациясы Ленинград облысында жайсыз оқиға болды: 38 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы азаматтық некеде тұрып жатқан әйелінің қызын зорлап келген. Қылмыс туралы 13 жасар қыз жүкті болып қалған соң белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қыз бала жүкті болып қалған соң орталық аудандық аурухананың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Жағдайдан хабардар болған дәрігерлер бірден полицияға хабар берген. 

Тексеру барысында жасөспірімнің жүктіліктің 29-аптада екені анықталған. Қыздың өзі анасының күйеуі Тәжікстан азаматы екенін мойындады. 2017 жылдан бері зорлап келсе де, бұл туралы біреуге тіс жарудан қорыққан. 

Құқық қорғау органдары мигрант-педофильді Тихковиц ауылындағы үйлердің бірінде қолға түсірді. Ол – 1981 жылғы Ресейге жұмыс істеу үшін келген азамат болып шықты. 

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

педофил
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир