Пәкістанда жаңбыр салдарынан 86 адам қаза тапты
«Синьхуа» агенттігі
Бұл туралы дүйсенбіде елдің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі Ұлттық басқармасы мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Пәкістанда 25 маусымнан бастап жауған жауын шашын салдарынан кем дегенде 86 адам қаза тауып, тағы 151 адам жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбіде елдің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі Ұлттық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясы ең көп зардап шеккен аймақ болды. Онда қатты жаңбырдан туындаған су тасқынынан кем дегенде 52 адам көз жұмған.
Бұдан басқа, бүкіл ел бойынша су тасқыны кезінде кем дегенде 97 үй қирап, 46 бас мал қырылды.
Қазіргі уақытта үкімет, коммерциялық емес ұйымдар мен еріктілер зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37